MAMANBOL.KZ - БАРЛЫҒЫНА АРНАЛҒАН ЖОБА

            Мamanbol – бұл жастарға арналған әлеуметтік жоба. Жобаның негізгі мақсаты – жас ұрпаққа болашақ мамандықты таңдауда бағыт-бағдар беру және ЖОО-нан алған біліміне разы болмай, кәсіби қызмет саласын ауыстыруды көздегендерге жәрдем беру. Сонымен қатар, бұл жоба өз саласында белгілі бір жетістіктерге жетіп, жаңа белестерді бағындыруды көздеген мамандарға да пайдасын тигізеді деп сенеміз.

            Біз, қызығушылық білдіргендердің барлығын бұл жобаға қатысуға шақырамыз. Себебі, әрқайсымыздың тұлға болып қалыптасуымызда, сүйікті іс пен қалаған мамандыққа жету жолында бастан кешкен қиындықтар жайында жас ұрпаққа айтарымыз бары сөзсіз. Бәлкім, сіздің өмірбаяныңыздағы нақты деректер жас жеткіншектерге қателіктерге жол бермей, алға қойған мақсаттарына мүдірмей жетуге, сүйікті мамандығын таңдап, өз мүмкіндіктері мен әлеуетін жоғарылатуға ықпалын тигізер. Сіздің өміріңізден алынған көрнекі мысалдар мен сіздің жеткен жетістіктеріңіз жастар үшін жақсы үлгі болып, оларға болашақ мамандығын дұрыс таңдауға үлесін қосатынына кәміл сенеміз.

Сауалнама нәтижелері

БІЗДЕН СҰРАҚ - СІЗДЕН ЖАУАП

Жобамыздың мақсаты – өмір жолын енді ғана бастаған адамдардың мамандықты барынша дұрыс таңдауына яғни өз қажеттілігі мен қалауына, ішкі уәжі мен қолайына неғұрлым сай келетін мамандықты таңдауына қол ұшын беру.

ҚАТЫСУ

 

Сауалнама нәтижелері