ЕҢ КӨП СҰРАНЫСҚА ИЕ МАМАНДАР КІМДЕР?

Заңгер және экономист – бұл соңғы онжылдықтағы Қазақстандағы ең «сәнді» мамандықтар. Жастар жағының әлі де аталмыш мамандық иесі болуға деген талпынысы басым. Ал ол мамандықтарға деген еліміздегі сұраныс қандай? Оқу орнын таңдамас бұрын ең алдымен елімізде, әлемде ең қажет болған мамандық түрлеріне көз жүгіртіп, саралап алған абзал. Бұл алдағы сіздің тұрақты жұмыспен қамтылуыңызға дәнекер болуы мүмкін. Ендеше, соңғы бес жылдықта ең көп сұранысқа ие болған және алдағы жуық уақыттарда да аса қажет болып есептелетін маман иелері кімдер?

IT мамандары

Бұл мамандарға деген сұраныс бүкіл әлем бойынша алдыңғы қатарларда. Мемлекет бүгінде IT технологиялар арқылы дамуда.Әрине, бұл сала мамандары біздің өмірімізге өте көлемді тамырын жайып үлгерді десек артық емес. Бірақ, бұл болашақта IT саласының мамандары көбейеді деген сөз емес. Өйткені, күнделікті өміріміз ақпараттық технологияларға барынша бейімделіп жатқандықтан, бұл мамандық иелері қаншалықты көп болғанымен, артықтық етпейді. Еліміздегі мемлекеттік қызметтің электронды құжаттамаларға өтетіндігін, мектептердегі роботты техникаға арналған жаңа лабораториялардың ашылып жатқандығын ескерсек, IT мамандарының қажеттілігінің қаншалықты екендігін ұғамыз. Айта кетейік, әзірге елімізде бағдарламашылар (программист) тапшылығы басым. Жұмыс берушілер көп жағдайда жұмыс іздеушілердің компьютердегі «шеберлігіне» аса мән береді. Жұмыс берушілердің шартына көз жүгіртсек, елімізде РНР-бағдарламашылар 300 мыңдай жалақы алады. Ал 1С бағдарламашы болса, 400 мыңға дейін еңбекақы алмақ. Сондай-ақ, бұл мамандықтың ең маңызды ерекшелігі – үйде отырып та еңбектенуге болатын тұстары бар.

Сату мамандары

Еңбек нарығындағы вакансиялардың тең жартысы дәл осы мамандарды іздейді. Сатушылар қай кезде де болмасын аса қажет. Қандай да бір компанияның кірісінің көлемі оның өнімінің өтімділігіне байланысты екені анық. Ал қатардағы сатушылардың да жұмыс тәжірибесіне және біліміне назар аударатын уақыт келгелі қашан. Менеджерлерге келетін болсақ, компаниялар олардың айлық ақысына қосымша бонустарды да қалдыруда. Бұл компания тауарының тез әрі тұрақты өтуінің кепілі. Осылайша, кейде сатушының өзі миллион теңгеге дейін еңбекақы тауып, компания директоры одан екі есе төмен жалақы алуы да ғажап емес. Айтпақшы, нарықтық экономикада маркетологтарға да сұраныс көп. Бүгінде көптеген сауда дүкендері онлайн жүйеге көшуде. Демек, онлайн-сатылым жүйесіндегі маркетологтар – болашақтың мамандығы!

Техникалық мамандар

Инженерлер де елімізге аса қажет, қажет бола да бермек. Елімізде көптеген мекемелер мен орталықтар жаңа заманауи құрылғылармен жабдықталуда. Өкінішке орай, заманауи техникалық құрал­дарды істен шығып қалғанда жөнге келтіретін мамандар тапшы.

Жалпы, елімізге инженер-механик, инженер-жобалаушы, инженер-энергетик, құрастырушы, электрик, электрмен дәнекерлеуші, сантехник, слесарь, токарь секілді мамандар көбірек керек. Ал жалақысына келетін болсақ, Қазақстанда  инженер-электромонтаждаушылардың қалтасы айына 250 мың теңгемен толысады.

Жұмысшылар

Жоғары білім – әрдайым тұрақты әрі тиімді қызметтің кепілі емес. Компаниялардың көпшілігі тек мимен ғана емес, қолмен де іске икемді мамандарды жиі іздейді. Оның қатарындадәнекерлеушілер, сырлаушылар, сантехниктер бар. Мамандық атауына қарағанда, сырткөзге айлықақысы аз болып көрінуі мүмкін. Расында, олай емес. Мәселен, тас қалаушылар (каменщик) 200 мың теңгеге дейін жалақы алады.

Медицина саласы

Қазақстанда тұрғындар саны өткен жылы 1,5 пайызға өскен болатын. Тұрғындардың орташа өмір сүру жасы – 71 жасқа дейін ұзарды. Халық қаншалықты көп болған сайын, соған орай дәрігерлердің де қажеттілігі туады. Қажеттілік тек жоғары білімді дәрігерлерге ғана емес, сондай-ақ, орташа медицина қызметкерлеріне де түсуде. Бұл қызметкерлердің жұмысы жауапты әрі оңай емес. Сондықтан да бүгінде елімізде жеке меншіктегі медициналық орталықтарда медқызметкерлерге тиісінше жоғары айлықақы төлеуге әзір. Ал дәріханаларға келетін болсақ, ешқандай да дағдарыс олардың жұмысын тоқтатып, жауып тастай алмасы анық. Дәріханалар әрқашан да халық игілігіне керек. Ал дәріхана меңгерушісінің жалақысы – 200 мың теңге көлемінде.

Қазақстандағы аса қажет мамандықтардың қатарына логистер мен HR-менеджерлерін де жатқызуға болады. Ал әзірге есепшілер мен қаржыгерлерге деген сұраныс – тұрақты.

Дереккөз:  http://rabota.nur.kz/

Add new comment

Image CAPTCHA
Enter the characters shown in the image.