Стандарттау, метрология және сертификаттау бойынша маман

Стандарттау, метрология және сертификаттау бойынша инженер –өнімдердің сапасын қамтамасыздандыру және бағалау бойынша маман, ол сондай ақ, техникалық құрылғыларды (аспаптар, құрал-жабдықтар) қолдану жағдайларын бақылау, өндірістің қауіпсіздігін қадағалау жағдайында қорларды үнемдеуге қол жеткізу үшін стандарттар мен нормативтік құжаттарды бекіту қызметін атқарады.

Стандарттау — бұл өндіріс реттілігінің оңтайлы дәрежесіне қол жеткізу мақсатында өндірістік процестердің заңдылықтарын зерттейтін, сараптайтын, жалпыландыратын және тұжырымдайтын ғылым. Тәжірибелік тұрғыда стандарттау стандарттаудың Мемлекеттік жүйесі негізіндегі нормативтік-техникалық және әдістемелік құжаттарды жасап шығаруға және пайдалануға негізделген. Стандарттаудың түрлі формалары мен әдістерін пайдалану ауыл шаруашылығының дамуына, өнімдердің өндірістік тиімділігі мен сапасының артуына және халықтың өмір сүру деңгейінің жоғарылауына жағдай жасайды.

Стандарттар — бұл кез келген қоғамның өмір сүруінің қажетті шарты. Стандарттар ғылымда, өндірісте, медицинада, экономикада, құрылыс саласында, өнеркәсіпте айырықша мәнге ие. Жаһандану дәуірінде стандарттау, метрология және сертификаттаудың халықаралық маңызы ерекше. Елдер арасындағы табысты сауда-экономикалық қарым-қатынасты дамыту үшін, ұлттық өнімдер халықаралық нормалар мен стандарттарға сай болуы шарт.

Метрология — өлшемдер туралы, олардың бірлігін және өлшеудің дәлдігіне қол жеткізу құралдары жайында ғылым. Метрологиялық стандарттар көмегімен мамандар практика жүзінде берілген дәлдікпен нысандардың сандық көрсеткіштерін анықтай алады. Техниканың еш бір саласы технологиялық процестер мен оларды басқару, сонымен қатар өндірілетін өнімнің сапасын бақылау жолдарын анықтайтын қабылданған өлшем жүйелерінсіз жұмыс істей алмайды.

Сертификаттау — бұл өнімдердің (немесе қызметтердің) бар стандарттар мен нормаларға сәйкестендіруді орнату. Сертификаттаудың мақсаттары тұтынушылардың құқығын жауапсыз өндірушілерден қорғауға, өнімдердің адам өмірі мен денсаулығына қауіпсіздігін бақылауда ұстауға, сонымен қатар, өндіріс орындарының Қазақстан тауар нарығына және халықаралық ынтымақтастыққа қатысуына жағдай жасауға бағытталған.

Мамандықтың ерекшеліктері

Стандарттау, метрология және сертификаттау бойынша инженердің кәсіби қызметі бірнеше түрге бөлінеді:

  • өндірістік-техникалық;
  • ұйымдастырушылық;
  • ғылыми-зерттеу;
  • жобалық.

Өндірістік-техникалық қызмет:

  • өнімнің сапасын арттыру бойынша шараларды жасап шығару және енгізуді;
  • қазіргі стандарттарды, техникалық жағдайларды жетілдіруді және стандарттар бойынша жаңа құжаттарды жасап шығаруды;
  • өнімді сертификаттауға және олардың қазақстандық және халықаралық стандарттарға сәйкес келуінің құжаттарын тексеруді;
  • өлшеудің алуан түрлеріне және ұйымдардың стандарттарына арналған тексеру сұлбаларын енгізуді;
  • өлшеу құралдарын жүйелі калибрлеуді, дәлдемелеуді және жөндеуді;
  • өлшеу қателіктері мен ақау деңгейін бағалауды және оның пайда болу себептеріне сараптама жасауды;
  • өлшеу дәлдігі мен бақылау сенімділігінің оңтайлы нормаларын жасап шығаруды қамтиды.

Ұйымдастырушылық-басқарушы қызмет:

  • стандарттау мен сертификаттау бойынша жұмыстарды жоспарлау және ұйымдастыруды;
  • өндірісте қолданылатын стандарттар мен техникалық жағдайларды жүйелі тексеруді;
  • ұйымда бекітілген ережелер мен өнімге қойылатын талаптардың орындалуын тұрақты бақылауды;
  • ақау деңгейін анықтау, оны жою мен болдырмау шараларын қабылдауды;
  • дайын өнім сапасын бағалау әрекетін бақылауды ұйымдастыруды;
  • сертификаттау мен стандарттарды жасап шығаруға қажетті ұсыныстар мен техникалық тапсырмаларды құрастыруды;
  • жаңа өлшеу техникасын енгізу жоспарын құруды;
  • сертификатталған өнімдерді, қызметтер мен жүйелердің инспекциялық тексерулерін ұйымдастыруды;
  • кәсіпорынға келіп түсетін материалдарды және дайын өнімді тексеру жұмыстарын бақылауды;
  • өлшеу құралдарын аттастациялау және метрологиялық бақылауды;
  • заманауи өлшеу әдістерін енгізуді қамтиды.

Ғылыми зерттеу қызметі:

  • өнім сапасы мен техникалық процестерді зерттейтін теориялық модельдер жасап шығаруды;
  • өлшеу, сынақтан өткізу және өнім сапасына бақылау жүргізудің жоспарын құрастыру және жасап шығаруды;
  • сапаны басқару, метрологиялық қамтамасыздандыру, стандарттау және сертификаттау процестерін оңтайландыру және сараптама жасаудың мәселге бағытталған әдістерін пайдалануды қамтиды.

Жобалық қызмет:

  • жобалық және техникалық құжаттаманы жасап шығаруды;
  • сапаны басқару, метрологиялық қамтамасыздандырудың және стандарттаудың жаңа әдістерін жасау немесе бар әдістерді жетілдіру  бойынша жоба құруды;
  • мәселені шешудің ең тиімді жолын таңдауды;
  • метрологиялық қамтамасыздандыруды, стандарттауды және сапаны жоғарылату мақсатында инновациялық техникалық және технологиялық шешімдерін жасап шығаруды;
  • техникалық жағдайларды, стандарттарды, әдістерді және нұсқауларды жобалауды қамтиды.

Мамандықтың артықшылықтары мен кемшіліктері

Мамандықтың артықшылықтары мамандық бойынша диплом өнеркәсіптің кез келген саласында, ғылым саласында, яғни өлшеу құралдары бар кез келген салада жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Бұл мамандық халықаралық компанияларда жоғары сұранысқа ие.

Мамандықтың кемшіліктерінің болуы мекеменің атқаратын қызметіне тәуелді. Ашық ауада ауыр еңбек жағдайлары, зиянды өндіріс және т.с.с. әр түрлі зиянды факторлар болуы мүмкін.

Жұмыс орны

  • стандарттау, метрология және сертификаттау орталықтары;
  • аспаптар мен құрал-жабдықтарды тексеру мен калибрлеу бойынша зертханалар;
  • сынақ зертханалары;
  • тауарды сараптамадан өткізу мекемелері;
  • өнім сапасын бақылаушы мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелер (сауда инспекциясы, санэпидбақылау, гостехбақылау);
  • тұтынушылардың құқығын қорғау мекемелері;
  • өнімнің жаңа түрін енгізуші кез келген ұйымдар;
  • кез келген өнеркәсіпте сапа бойынша менеджер;
  • кеден қызметі, салық полициясы, патенттеу бюросы.

Маңызды жеке қасиетер

  • жұмыста дәлдік пен мұқияттылық;
  • техникалық шығармашылық пен жаңашылдыққа бейімділік;
  • өнертапқыштық;
  • кең ой-өріс;
  • логикалық ойлау;
  • атқарушылық тәртіп;
  • аналитикалық ақыл жаратылысы;
  • ойлаудың тәуелсіздігі мен сонылығы;
  • жағдайды нақты бағалау қабілеті.

Қайда оқытады

«Стандарттау, метрология және сертификаттау» мамандығы бойынша жоғары білімді еліміздің техникалық ЖОО-да алуға болады:

  • Карағанды Экономикалық Университеті
  • Казақстан инженерлік-технологиялық университеті
  • С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті
  • Қ.И. Сəтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті
  • М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан Мемлекеттік университеті

    Еңбек ақысы

    Маманның еңбек ақысы өтілге және жұмыс орнына байланысты. Мемлекеттік мекемелерде стандартау мен метрология бойынша жаңадан бастаған маманның жалақысы 40 мың теңгеден басталады, өтілі жоғары мамандар айына 150 мың теңгеге дейін жалақы алады.

    Меншіктің мемлекеттік емес формалы кәсіпорындарында немесе халықаралық мекемелерде еңбек ақының деңгейі әлде қайда жоғары: жаңадан бастаушы мамандар 60 мың теңгеден басталатын, ал өтілі жоғары мамандар 250 мың теңгеге дейін жалақы алады.

    Мансап сатылары мен перспективалары 

    Жаңадан бастаушы мамандар шығармашылық немесе ғылыми жұмысқа икемі болған жағдайда қызметті докторантурада оқумен қатар алып жүрулеріне мүмкіндік бар. Табысты бітірушілер шет елге оқуға, сонымен қатар, халықаралық конкурстар мен білім программаларында қатысуға жіберіледі.

    Бұл бағыттағы мамандар кез келген мекемелерде сапа бойынша инженер, стандарттау және сертификаттау инженері, өнім сапасын бақылаушы, сапа бойынша менеджер, аудитор, метролог, бағалаушы сияқты қызметке ие бола алады.

     

    Comments

    Радиотеxника, Электроника және Телекамуникатция мамандығын шығарыңышшы? өтiнiш.
    осы мамандык бойынша жуиыс таба алиаи жатырмын Сарыагаш ауданында
    Өз мамандығымды жете түсіндім. Сіздерге көп рахмет!
    Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінде де оқытады.Мен осы мамандық бойынша осы университетте оқимын.Бұл мақаланы көріп өз мамандыгымды жаксы біле бастадым,рахмет!!!
    Бул мамандыкты окыдым бирак жумиска орналаса алмадым 87782595954
    мен стандарттау жане сертификаттау метрология мамандыгын битирдим.Калай жумыска кируге болады атыраудан.
    Метрология стандарттау сертификаттау мамандыгын битирдим жумыс таба алмадым
    Цонда банкте жумыс истеуге болама колледж битирдим
    Осы мамандық қай ЖОО бар?

    Add new comment

    Image CAPTCHA
    Enter the characters shown in the image.